Футзалдан ел құрамасы Испаниямен тең тарқасты

15.09.2024, 19:10

Кака баптайтын команда Өзбекстанда өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізді.

Футзалдан ел құрамасы Испаниямен тең тарқасты

Андижан спорт-кешеніндегі ойында Біржан Оразов жылдам голымен ел құрамасы үшін есепті ашып берді. Алайда шабуыл жасауын тоқтатпаған Испания Гордильоның бірбеткейлігінің арқасында есепті теңестірді. Игита аталған футболшының алғашқы соққысын сәтті тойтарған болатын. Алайда Гордильо екінші мүмкіндігінен нәтиже тіркей алды. Қорытынды есеп: 1:1.

Енді Қазақстан 18 қыркүйек күні дәл осы Андижан спорт-кешенінде Ливиямен бақ сынасады. Ойын 17:30-да жоспарланған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×