Футзалдан Қазақстан құрамасы бапкерінің көмекшісі ауысты

Дәурен Нұрғожин денсаулығына байланысты құрама бапкерінің көмекшісі қызметін босатты. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы бапкерінің көмекшісі ауысты

Оның орнына Кака кеңесшісі ретінде Павел Таку тағайындалды.

Кака Дәурен Нұрғожиннің жағдайы жайында:

“Дәурен денсаулығына байланысты құрамаға көмектесе алмайтын болды. Ол ескі жарақатын емдеу мақсатында ота жасатқан еді. Міне сол жарақаттан толығымен айығу үшін Нұрғожин тағы бір  ем-шара қабылдауы тиіс. Дәурен менімен жұмыс жасай береді. Алайда осы бір жағдайда маған көмек берер кеңесші қажет болды”.

Кака Павел Таку жайлы:

“Павел Таку УЕФА ұйымдастырған бапкерлер курсында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Үздіктердің бірі десем қателеспегенім. Бізге өзіндік тактикасы бар бапкер керек. Оның командасының қалай жақсы өнер көрсететінінен мен хабардармын. Таку секілді маманмен бірге жұмыс жасау арқылы бір-бірімізге білетін тәжірибелерімізбен бөлісеміз деген үміттемін”. 

Айта кетейік, 33 жастағы Дәурен Нұрғожин Қазақстан құрамасы бас бапкерінің кеңесшісі қызметінде 2023 жылдың қыркүйек айынан бері жұмыс атқарып келеді. 

Еске салсақ, 4 сәуір күні ел құрамасы Қырғызстандық спортшылармен кім мықтыны анықтап көреді. Одан кейін 7 және 9 сәуір күндері қазақстандық футзалшылар Өзбекстанды қонақ қылады. Футзалдан Қазақстан құрамасының аталмыш елдерге қарсы жолдастық кездесуі Ж.Үшкемпіров атындағы “Тараз-Арена” спорт кешенінде өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×