Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы Әлем чемпионаты алдында бес жолдастық кездесу өткізеді

Құрама тәжірибесін шыңдау мақсатында әлемнің үздік құрамаларына қарсы жолдастық ойын өткізеді. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы Әлем чемпионаты алдында бес жолдастық кездесу өткізеді

Команданың ОЖЖ 5 тамыз күні Алматыда басталып, 18 тамызға дейін жалғасады. 

Одан кейін құрама 5 қыркүйекке дейін Астанада жаттығу жұмыстарын жалғастырады. Екінші ОЖЖ барысында Қазақстан Тәжікстанмен екі жолдастық ойында кім мықтыны анықтайды. Матчтар 22 мен 24 тамыз күні “Сайран Аренада” өтеді. 

Содан соң, Кака шәкірттері 30 тамыз бен 1 қыркүйек күні Иранмен кездеседі. Аталған матч Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ойнатылады. 

Жаттығу-жиындардың қорытынды кезеңі 6 мен 10 қыркүйек күндері оңтүстік астанамызда өтеді. Мұнда Қазақстан 7 қыркүйекте Аргентинамен бақ сынасады. Кездесуді “Алматы Арена” спорт кешенінде тамашалауға болады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×