Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы қарсыластары анықталды

30.05.2024, 16:52

УЕФА-ның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде футзалдан 2026 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне  жеребе тарту рәсімі өтті.

Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде ел құрамасы Армения, Дания және Албания командаларымен бақ сынасады.

Литва мен Латвия жерінде өтетін Еуропа чемпионаты 18 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Турнирдің іріктеу кезеңі осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Күнтізбе Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатынан кейін қылып ыңғайланды. Жалпы іріктеу раундында командалар үй және сырт алаңдағы формат бойынша кім мықтыны анықтайды.

Еске салайық, Кака шәкірттер 2016 жылғы Белградта өткен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×