Футзалдан Әлем чемпионатында өткен Франция-Иран ойынын ФИФА тексеріп жатыр

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан Әлем чемпионатында дау туғызған Франция мен Иран арасындағы кездесуді ФИФА май шаммен қарайтын болды. Дүйім жұрттың көзін бақырайтып қойып, "беріспек" ойнаған қос құрама спорттық бәсекеге сай өнер көрсетпеді деген желеумен тексерілуде.  

Футзалдан Әлем чемпионатында өткен Франция-Иран ойынын ФИФА тексеріп жатыр
фото ашық дерек көзден алынды

F тобының соңғы турында француздар мен ирандық футзалшылар өз квартетінде бірінші орынға таласуы керек еді. Бірақ, футбол сүйер көрермен екі құраманың тайталасын емес, театрландырылған көрінісін тамашалап, қапы қалды. Әлем чемпионатында “беріспек” ойнаған екі команда плей-офф кезеңінде оңай жолды таңдауға тырысты. Себебі, топ жеңімпазы 1/4 финалда азулы Бразиля құрамасына түсіп қалуы мүмкін. Екі тарап соны ескерген болуы керек. Әлем чемпионатының құтын қашырған кездесуде Иран 4-1 есебімен жеңіп, тәуекелге барды. Осы ойыннан кейін Ливия мен Парагвай ФИФА-ға арыз-шағым білдіріп, бұл матчқа қатысты халықаралық ұйым өкілдерінен шара көруін сұраған.

“Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан Әлем чемпионатының F тобындағы Франция мен Иран құрамалары арасындағы кездесуге қатысты арыз түскенін растаймыз. Және  бұл ойын зерделеніп, тексеру толық аяқталмайынша ешқандай түсініктеме берілмейді” делінген ФИФА-ның ресми жауабында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футзал
×