Футзалдан Қазақстан құрамасы Украинамен күш сынаспақ

22.11.2021, 17:02
Кака шәкірттері келесі айда Өзбекстанмен шеберлік байқасады.
Футзалдан Қазақстан құрамасы Украинамен күш сынаспақ

Футзалдан Украина құрамасының бас бапкері Александр Косенко келесі жылы Қазақстанмен жоспарланған жолдастық кездесулер туралы айтты, деп хабарлайды Украина футзал федерациясы.

«18-19 желтоқсанда Бакуде Әзірбайжанмен кездесеміз. Сондай-ақ қаңтар айында Еуропа чемпионаты қарсаңында Қазақстанмен екі қосымша кездесу өткіземіз. Украинаның футзал қауымдастығы жоғары сапалы қарсыластармен жолдастық матчтар өткізуге келісті. Енді бәрі өзімізге байланысты. Біз дайындалып, жақсы ойын көрсетуіміз керек», - деді Украина құрамасының бас бапкері.

Еске салайық, 14 және 15 желтоқсанда Қазақстан құрамасы да Өзбекстанмен жолдастық кездесулер өткізеді. Екі ойын да Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×