Футзалдан Қазақстан құрамасы жылдың үздік командасы атанды

13.12.2021, 05:07
Биыл Қазақстан әлем чемпионатында төртінші орынға ие болды.
Футзалдан Қазақстан құрамасы жылдың үздік командасы атанды

Елордада «Altyn Samǵaý-2021» Ұлттық спорттық жүлдесін салтанатты түрде табыстау рәсімі аяқталды. «Жылдың үздік командасы» атағын футзалдан Қазақстан құрамасы иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Биыл футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын. Біздің команда әлемдік додадан төртінші орынды иеленіп, тарихи нәтиже тіркеді. 

«Біз үшін бұл жүлдені алу үлкен құрмет! Біздің басшылыққа және «Қайрат» клубына рахмет! Олар біздің халықаралық аренаға шығуымызға мүмкіндік берді. Жанкүйерлердің қолдауына рахмет! Біз басқа командалар да жанкүйерлерді қуантып, осындай нәтиже көрсете алады деп сенеміз. Сенім білдіргендеріңіз үшін рахмет! Тағы да алғыс айтамын», - деді команданың бас бапкері Пауло Рикардо Кака.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×