Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Рикардо Кака Әзербайжанмен өтетін жолдастық кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.
Оқу-жаттығу жиыны 12 қыркүйек күні басталады. Жиын аясында Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен екі жолдастық кездесу өткізеді. Қос ойынды да «Халық Арена» спорт кешені қабылдайды.
Футзалдан Қазақстан құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Ақжол Қайратұлы («Каспий»);
Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, Жаһангер Рашит (барлығы – «Каспий»), Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де – «Аят»), Евгений Кошкин («Астана»);
Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Серік Үнбаев – бас бапкердің көмекшісі, Григорий Шамро – қақпашылар жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт.
Ойын кестесі:
19 қыркүйек 2022 жыл
Қазақстан – Әзербайжан
20 қыркүйек 2022 жыл
Қазақстан – Әзербайжан
Ойынның басталу уақыты кейін белгілі болады.
Біздің серіктес: FONBET