Футзалдан Тәжікстан құрамасы өз тарихында алғаш рет Әлем чемпионатына шықты

26.04.2024, 20:12

Тәжікстан құрамасы Азия Кубогының жартылай финалында Таиланд құрамасынан басым түсті.

Футзалдан Тәжікстан құрамасы өз тарихында алғаш рет Әлем чемпионатына шықты

Турнирдің алғашқы финалдық жолдамасына таласта Таиланд пен Тәжікстан құрамасы кездесті. Бангкокте өткен ойынның бастапқы уақытында жеңімпаз анықталмады (3:3). Қосалқы уақытта да қос құрама тең нәтижеге келіскендей болды. Сөйтіп матч пенальтилер сериясына дейін жетті. Нәтижесінде тәжік ойыншылары тай спортшыларын 6:5 есебімен жеңді.

Финалда Тәжікстан Өзбекстан мен Иран арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. 

Айта кету керек, аталмыш турнирде бақ сынасып, 1/4 финалдық кезеңнен ұшқан Қырғызстан мен Ирак құрамаларында Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алуына әлі де мүмкіндік бар. Олар Ауғанстан мен Вьетнамға қарсы жартылай финалдық ойындарда жеңіске жету арқылы мундиальдың вакантты жолдамасына қол жеткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×