Футзалдан жылдың үздіктері анықталды

19.01.2022, 23:50
Біздің құрама мен бас бапкер және қақпашымыз алғашқы орыннан көріне алмады.
Футзалдан жылдың үздіктері анықталды

Футзалдан Қазақстан құрамасы «Futsalplanet Awards-2021» нұсқасы бойынша әлемнің үздік командасы номинациясында үшінші орын алды.

Қазақстан құрамасы аталмыш номинацияға төртінші рет ұсынылып, екінші рет – үшінші орынды иеленді (2015 және 2021). 2016 жылы команда 6-шы, ал 2020 жылы 7-ші орынға жайғасқан болатын.

Дауыс беру процессіне әлемнің түкпір-түкпірінен 91 респондент қатысты.

Дауыс беру нәтижелері:

1. Португалия – 416 ұпай;

2. Аргентина – 349;

3. Қазақстан – 171;

4. Иран – 139;

5. Марокко – 122.

Қазақстан ұлттық құрамасының 44 жастағы бас бапкері Кака «Үздік жаттықтырушы» номинациясында үшінші орын алды.

Кака атымен танымал Пауло Рикардо Фигуера Сильва екінші рет ұлттық әлемнің үздік бапкері атағына ұсынылды. 2020 жылы ол 4-орынға ие болған еді.

Дауыс беру нәтижелері:

1. Хорхе Брас (Португалия) – 386 ұпай;

2. Матиас Лукикс (Аргентина) – 300;

3. Кака (Қазақстан) – 193;

4. Бруно Гарсиа Формосо (Испания) – 178;

5. Сейед Мохаммад Наземашарие (Иран) – 92.

«Қайрат» АФК мен Қазақстан ұлттық құрамасының 35 жастағы қақпашысы Игита «Әлемнің үздік қақпашысы» номинациясында екінші орын алды.

Игита атымен танымал Леонардо Де Мело Виера Лейте бұған дейін 2015, 2016, 2018, 2019 және 2020 жылдары әлемнің үздік қақпашысы атанған болатын.

Дауыс беру нәтижелері:

1. Гитта (Бразилия) – 299 ұпай;

2. Игита (Қазақстан) – 286;

3. Николас Сармиенто (Аргентина) – 217;

4. Дидак Плана Олтра (Испания) – 184;

5. Федерико Перес Гарригос (Испания) – 87.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×