Камерунға отбасылық жағдайға байланысты барып қайтқан қорғаушы Габи Кики “Жеңіске” қарсы ойынға дайын.
Келген тұста ақ-қызылдар ұжымы камерундыққа команданың “Маусым айындағы үздік ойыншысы” жүлдесін табыстады. Жеңімпазды анықтауға арналған сауалнамаға жанкүйерлер белсене араласты. Соның нәтижесінде Кики топ жарған атанды.
29 жастағы Габи “Ақтөбе” үшін осы маусымда 15 ойын өткізіп, 2 голдық пас берді.
Қорғаушы өз мансабында беларустық “Днепр” ,Динамо-Брест”, “Рух” және молдовалық “Шериф” сапында доп тепті.
Айта кетейік, Дмитрий Парфенов шәкірттері бүгін елордалық “Жеңісте” қонақта болады. Ойын сағат 18:00-ге жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET