Габи Кики мансабын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Ойыншы самаралық “Крылья Советов" ұжымына ауыспайтын болды.

Габи Кики мансабын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін

30 жастағы футболшы “Крылья” командасының міндетті медициналық тексерісінен өте алмапты. Соның кесірінен Габи жаңа командаға қосылу мүмкіндігінен айырылды.

Қазірде еркін агент статусында жүрген ойыншы алдағы уақытта “Газиантеп” клубымен келісімге келеді деген қосымша ақпарат бар. 

Габи соңғы рет “Ақтөбе” командасында өнер көрсетті. Онда ол барлық турнирлерде 36 ойын өткізіп, 1 гол мен 2 голдық пас берді. Қазақстан ұжымына камерундық молдовалық “Шериф” ұжымынан ауысып барды. 

Айта кетейік, Кики қосыла алмаған Крылья командасын ел құрамасының экс-бапкері Магомед Мұсаұлы Адиев баптайды. Оның тізгініндегі команда ішкі чемпионатта 8 ұпаймен 9 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ақтөбе ФК
Aladop Youtube
×