“Ақтөбе” қорғаушысы “Тобыл” командасына ауысуға жақын болған екен.
Магомед Адиев баптайтын “Крылья” Советов ұжымына медициналық тексерістен кейін қосыла алмаған Габи Кикиге Қазақстаннан бір ұсыныс пайда болыпты.
“Тобыл” клубы Иван Миладиновтің жарақатынан кейін қорғанысқа Габиді қарастырған екен. Алайда айына 150 мың еуро айлық пен бонустық төлемдер сұраған камерундық Қостанай клубының бетін қайтарған.
Айта кетейік, Кики осы маусымда Ақтөбе қатарында 12 матч өткізіп, 1 гол соқты. Жалпы 2024 жылдан бері қорғаушы ақ-қызылдар жейдесінде барлығы 36 кездесуде алаңға шықты.
Габи өз мансабында “Днепр” Могилев, “Динамо” Брест, “Рух” және “Шериф” ұжымдарында доп тепті.