Гафуржан Сүйімбаев «Ақсу» клубының ойыншысы атанды

25.01.2022, 14:52
Футбоошы өткен маусымның екінші жартысында алаңға шықпады.
Гафуржан Сүйімбаев «Ақсу» клубының ойыншысы атанды

«Қайраттың» экс-капитаны және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев «Ақсумен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды павлодарлық клубтың баспасөз қызметі.

31 жастағы қорғаушы «Қайраттағы» өзгерістерге байланысты командадан кету туралы шешім қабылдаған болатын. Сүйімбаев тізесіндегі жарақатына байланысты өткен маусымның екінші жартысында алаңға шықпады, сондықтан ол Құрбан Бердыев жобасының маңызды бөлігі бола алмады және оған жаңа келісім-шарт ұсынылмады.

Гафуржан Сүйімбаев «Қайратқа» 2016 жылы ауысты. Содан бері алматылық клуб үшін 149 матч өткізіп, 12 гол соқты, 24 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×