«Ордабасы» командасының қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев Павлодардың «Ертісіне» келді. 34 жастағы футболшы бүгінде керекулік клубпен оқу-жаттығу жиынына кірсті.
Соңғы екі жыл «Ордабасы» командасында доп тепкен Ғафуржан шымкенттіктермен 2023 жылы алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Сол қапталда ойнайтын қорғаушы ордалықтардың негізгі құрам ойыншыларының бірі болды. Енді ол командалас әріптесі Максим Фединнің ізімен «Ертістің» қатарын толықтырды. Әзірге, келісім-шартқа отырғаны туралы айтылып жатқан жоқ. Бірақ, бұл тек уақыт еншісіндегі мәселе. Ал былтыр Екінші лигада топжарған павлодарлық клуб биыл Премьер-лигаға шығуға мақсат қойып отыр. Сондықтан, Сүйімбаев секілді бірқатар тәжірибелі ойыншылар алдағы маусымда керекуліктерді өрге сүйрейтін болады.
Біздің серіктес: FONBET