Ғафуржан Сүйімбаев: «Молдоваға қарсы қиын кездесулерде командаға көмектескім келеді»

24.03.2022, 03:33
Ғафуржанның ұлттық құрамаға шақырылмағанына көп болды.
Ғафуржан Сүйімбаев: «Молдоваға қарсы қиын кездесулерде командаға көмектескім келеді»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен болатын матч қарсаңында баспасөз мәслихатына қатысып, жергілікті тілшілердің сауалдарына жауап берді.

- Ғафуржан, матч алдындағы команданың көңіл-күйі қалай?

- Команда матчқа жақсы дайындалып жатыр, ішкі атмосфера да керемет. Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын, Молдоваға қарсы қиын кездесулерде командаға көмектескім келеді.

- Ұлттық құрамада болмағаныңызға көп болды. Қазір ойын формаңызды қалай бағалайсыз?

- Иә, шынында да ауыр жарақатқа душар болып, соның кесірінен көп уақытымды өткізіп алдым. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында еңбек етіп, маусым басында алаңға шықтым. Мен ақырындап бабыма еніп келе жатырмын.

- Командада бапкер ауысты. Қандай өзгерістер болады деп ойлайсыз?

- Иә, бізге жаңа бас бапкер келді. Өзгерістер тек жақсы жағынан болады деп үміттенемін. Мен Молдова ойыншыларын білемін бе? Шынымды айтсам, бұл елдің чемпионатын бақыламаймын, бірақ мен "Шерифтің" жетістіктері туралы білемін.

- Сіздің ойыңызша кім С лигасында қалады?

- Кишиневте де, Нұр-Сұлтанда да оңай ойын болмайды. Кім күшті болса, сол С дивизионында қалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×