Ғафуржан Сүйімбаевқа тағы бір клубтан ұсыныс түсті

16.01.2022, 22:11
Футболшыға «Тобыл» мен «Ақсу» да қызығушылық танытуда.
Ғафуржан Сүйімбаевқа тағы бір клубтан ұсыныс түсті

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев «Тұранға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жақында 31 жастағы Сүйімбаев соңғы бес жарым маусым ойнаған «Қайраттан» кеткен болатын. Футболшымен қостанайлық «Тобыл» және «Ақсу» клубтары келіссөз жүргізуде. Осы ретте тәжірибелі футболшының павлодарлық команданың жаңа директоры Әлихан Лесовпен жақсы таныс екенін айта кетейік.

Бірнеше күн бұрын ресейлік маман Владимир Газзаев «Тұранның» бас бапкері болып тағайындалды. Түркістандық клуб Премьер-лигадан шығып қалған шымкенттік «Ордабасының» көшбасшы футболшыларын қатарға қоспақшы, сонымен қатар Қазақстан құрамасының ойыншысы Азат Нұрғалиевпен келісім-шартқа отырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×