«Галатасарай» - «Бешикташ» кездесуіне болжам

28.10.2024, 14:54

Бүгін Стамбулдық дерби қызық болайын деп тұр.

«Галатасарай» - «Бешикташ» кездесуіне болжам
"Галатасарай" футболшылары голдарын тойлауда

Қос клубтың чемпионат басындағы қарқыны жаман емес. «Галатасарай» да, «Бешикташ» та әзірге жеңілген жоқ. Окан Буруктың клубы өткен турдағы «Касымпашамен» тең нәтижеге дейін (3:3) ұпайдан шашау шығармады. Ал «қырандар» әлі ешкімге есе жібермегенімен, Суперлигадағы 4 кездесуді тең аяқтаған болатын. Командалар соңғы рет Түркия Суперкубогінің финалында жолығып, Джованни ван Бронкхорсттың шәкірттері қарсыласының қақпасына жауапсыз 5 доп соқты. Бірақ бүгінгі бәсеке нәтижелі болмайды деп топшылаймыз. Жалпы, қос ұжымның өзара өткізген 10 кездесуінің тек 3-інде ғана 3 голдан артық кірген. Екеуінің Еуропа Лигасындағы жағдайлары екі түрлі. «Галатасарай» негізгі кезеңде үш турдан кейін 5-сатыға жайғасса (өткен турда «Эльфсборгті» 4:3 есебімен ұтты), «Бешикташ» 24-орынға табан тіреген болатын (3-ші турда сырт алаңда «Лионды» 0:1-мен ұтып қайтты).

Алаң иелерінің сапында тек қорғаушы Якобс қана өзінің командасына көмектесе алмайды. Ал Джованни ван Бронкхорсттың біраз бас ауыртуына тура келеді. Бүгін қонақтар қатарында түрлі себептермен Гюнок, Юсал, Рашица және Паулиста сынды ойыншылар алаңға шықпайды. Қос клубтың соңғы бәсекесі нәтижелі болды, бірақ бүгінгі кеште көп гол соғылмайты ншығар. Әсіресе, қонақ команданың қорғанысқа баса назар аударатынын ескерсек («Бешикташ» соңғы 3 жеңісте бірде-бір гол жібермеген) ары кетсе 3-ақ гол болуы мүмкін. Статистикаға көз жүгіртсек, алаң иелерінің бірінші таймды қарқынды өткізетінін көреміз. Мысалы, «Галатасарай» барлық турнирлердегі соңғы бес матчта бірінші таймды жеңіспен аяқтаған. Бүгін де солай бола ма деп жорамалдаймыз. «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі бұған 2.20 коэфициент беріпті. Бұл бәсеке біздің уақытпен 22:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×