«Галатасарай» ойыншылары матч барысында бір-бірімен төбелесті

17.08.2021, 20:21
Соққы жасаған ойыншы қызыл қағаз алды, ал «таяқ жеген» ойыншы алмастырылды.
«Галатасарай» ойыншылары матч барысында бір-бірімен төбелесті

Түркия чемпионатының бірінші туры аясында өткен "Галатасарай" мен "Гиресунспор" арасындағы матчта ерекше жағдай орын алды - стамбулдық клубтың қорғаушысы Маркао Тейшейра командаласымен жанжалдасқаны үшін алаңнан қуылды.

Екінші таймның ортасында бразилиялық футболшы "Галатасарайдың" жартылай қорғаушысы Керем Актюркоглумен қақтығысқа түсті. Басында екеуі жай ғана сөзге келіп қалған еді, содан кейін Актюркоглу Маркаоға ыммен үндемеуін талап етті. Бұған жауап ретінде бразилиялық қорғаушы әріптесінің бетіне бірнеше рет соққы жасады.


Матч төрешісі Маркаоға қызыл қағаз көрсетті. Ал "таяқ жеген" Керем Актюркоглу 2 минуттан кейін алаңдағы орнын басқа бір командаласына босатып берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×