24 жастағы ойыншының трансфері үшін Бельгия ұжымы 23 млн еуро табыс табады.
Рафаэль Түркиядағы жаңа командасымен 4 жылдық келісім шартқа отырады. “Галатасарайда” жүрген бір жылында ол 1 млн еуро жалақы алады деп жоспарланған.
Жалпы “Брюгге” командасы өз жартылай қорғаушысы үшін бастапқы кезеңде 25 млн еуро сұрады. Алайда бірқатар келіссөздер нәтижесінде Стамбұл ұжымы трансфер құнын 2 млн еуроға дейін түсірді.
Айта кетейік, Бельгия астанасы командасы осы аптада “Қайратпен” Чемпиондар Лигасы кездесуін өткізіп, 1:4 есебімен жеңіске жетті. Алайда, аталған ойынға Рафаэль жарақатына байланысты қатыса алмады. Ол Нигерияның Африка Кубогындегі Египетпен болған матчынан кейін қатардан шығып қалды.