Ғалымжан Кенжебек
Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек өзінің мақсаттары мен жоспарлары жайлы айтты.
«Менің футболдағы арманым – топ-5 чемпионатта ойнау болып қала береді. Алайда, ол жаққа бару үшін түрлі сатылардан өтуің керек. «Ахматты» өзім үшін сондай саты санадым және ештеңеге өкінбеймін. Алла қаласа, алдағы уақытта ұлттық құрама мен «Ахмат» сапында ойдағыдай ойнап жатсам, мүмкін сол кезде сондай чемпионаттардан ұсыныстар түсе жатар», - деді Ғ. Кенжебек.
Ғалымжан Кенжебек пен «Ахматтың» келісімшарты 2030-жылдың жазына дейін жарамды. Футболшының нарықтық бағасы 600 мың еуро.