Ғалымжан Кенжебек алаңға қайтып оралды

21.04.2025, 12:56

Қазақстан құрамасының футболшысы кеше «Кошице» сапында «ДАК 1904» клубына қарсы ойынның 80-ші минутында алаңға шықты.

Ғалымжан Кенжебек алаңға қайтып оралды
Ғалымжан Кенжебек

Sofascore порталы отандасымыздың өнерін 6.7 деп бағалаған болатын. Ал ойынның өзі алаң иелері «Дунайска-Стреданың» жеңісімен аяқталды 3:2.

Естеріңізге сала кетсек, Ғалымжан Кенжебек Лихтенштейнмен болған ойында жарақат алып футболдан 1 айға тыс қалып еді. Жартылай қорғаушы Словакия чемпионатының 24/25-жылғы маусымында 1 кездесуге қатысып, бір голдың авторы атанды. 23-жастағы футболшының нарықтық бағасы 225 мың еуро. Ғалымжан Кенжебек пен «Кошице» келісімшарты 2027-жылдың жазына дейін жарамды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×