Ғалымжан Кенжебек арманындағы клубына қосыла алмады

Бүгін, 08:35

Футболшы армандаған клубына қабылдана алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ғалымжан Кенжебек арманындағы клубына қосыла алмады

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебектің "Ақтөбе” командасына ауысу туралы келіссөздері оң нәтиже бермеген.

Журналист Владимир Изотовке берген сұхбатында Кенжебек "Елімайға” дейін "Ақтөбеден” шақыру болғаны туралы сұраққа:

"Әңгіме болды" деп жауап берді. Алайда, клуб тарапынан "қызық емес” деген жауапты естігенін растады.

"Иә, олар мені қаламады. Әрине, бұл жағдай жігерлендіреді. Оларда Жайро-Жан бар дегенді естігенде, әрине, көп нәрсені көрсеткің келеді.” – деді Кенжебек, "Ақтөбенің” бас тартуы оған үлкен мотивация бергенін жасырмай.

Футболшының айтуынша, оның өзі де "Ақтөбе” сапында ойнауға ниетті болған.

"Иә, өзім қаладым. Егер естеріңізде болса, мен "Кошицеде" болған кезде сұхбат бергенмін, сол кезде Қазақстанға оралсам, "Ақтөбеде" ойнағым келеді деп айтқанмын. Бірақ жазда олар мені қаламағандықтан, мен "Елімайды” таңдадым және өкінбеймін.” – деді Ғалымжан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×