Ғалымжан Кенжебек «Галатасарай» скауттарының назарында!

14.10.2025, 12:11

«Галатасарай» клубының фан-аккаунты Ғалымжан Кенжебектің өнеріне тәнті.

Ғалымжан Кенжебек «Галатасарай» скауттарының назарында!
Ғалымжан Кенжебек Лихтенштейнге қарсы кездесуде голын тойлауда

Кеше түркиялық топ-клуб жанкүйерлері «Елімай» жартылай қорғаушысының Солтүстік Македонияға қарсы кездесудегі ойынын тамашалап, клуб скауттарына қазақстандық футболшыны назарға алуды ұсынған көрінеді.

“Ғалымжан Кенжебек – бақылауға тұрарлық футболшы. Жасы 22-де», - делінген «Галатасарай» фан-аккаунтының жазбасында.

Айта кетейік, кеше Қазақстан ұлттық құрама командасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің 8-туры аясында сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнап, тең тарқасты 1:1. Ғалымжан Кенжебек матчты бастапқы құрамда бастап, екінші таймда орнын босатты. «Елімай» жартылай қорғаушысы 4 күн бұрын Лихтенштейн қақпасына екі гол салып, бір ассист тіркеген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×