Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысына Испания Сегундасы мен Словакияның жоғары дивизионында өнер көрсететін командалар қызығушылық танытуда.
Әзірге барлығы футболшының өзіне байланысты екен. Ғалымжанның өзіне салса, бағын Испанияда сынағысы келеді, алайда, Словакиялық клубтың қазақстандық ойыншыға қатысты нақты ұсынысы бар көрінеді делінген. Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеген еді.
Айта кетейік, отандасымыз қазір Кипрдің екінші дивизионындағы «Акритас Хлоракас» командасының намысын қорғайды. 13 ойында 5 рет мергендік танытқан болатын.
«Қайраттың» түлегі кипрлік клубтан бөлек «Мақтаарал» және «Жеңіс» жейдесінде доп тепкен.
Біздің серіктес: FONBET