Ғалымжан Кенжебек «Локомотив» Мәскеу клубына баруы ықтимал болған?

Бүгін, 14:52

Ғалымжан Кенжебек «Ахматпен» келісімшартқа отырады. 22 жастағы жартылай қорғаушыда грозныйлық клубтан бөлек тағы бірнеше нұсқа болған.

Ғалымжан Кенжебек «Локомотив» Мәскеу клубына баруы ықтимал болған?
Ғалымжан Кенжебек

Бұл туралы «Инсайды от Карпа» телеграмм-арнасы мәлімдеді.

«Галактионов Кенжебектен бас тартқан соң ол «Ахматқа» ауысты: «Елімайдың» 22 жастағы шеткі шабуылшысы (қазақтармен келісімшарты желтоқсанның аяғында аяқталады) Черчесовтың командасы үшін 7-қаңтарда Мәскеуде медициналық тексерістен өтеді. Осыдан кейін таулықтармен 4 жылға келісімшартқа отырмақ. Ғалымжанда сондай-ақ, «Локомотив» және «Акронмен» нұсқалары болған. Бірақ мәскеуліктерге байланысты жағдайда, олардың бас бапкері талантты алайда өзінің ойынша аса танымал емес футболшыны алуға шешім қабылдай алмады (Самородовпен де сондай оқиға). Ал Тольяттиге қатысты, Ғалымжанға Грозныйда жақсы жағдай ұсынылған еді», - делінген телеграмм-арнасының жазбасында.

Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-2025-те «Елімай» жейдесінде 11 матчта 6 гол мен төрт ассисттің авторы атанды. Футболшының нарықтық бағасы 600 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×