Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебектің неліктен Еуропа чемпионатынан бас тартып, Ресей Премьер лигасына ауысқаны белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Польшалық танымал спорт шолушысы Томаш Влодарчиктің айтуынша, отандасымыз Польшаның ең байырғы әрі титулды клубтарының бірі — "Краковияға" ауысуға өте жақын болған.
Сәтсіз аяқталған келіссөз
Влодарчиктің мәліметінше, "Краковия” мен Кенжебек арасындағы келіссөздер айтарлықтай алға жылжып, трансфердің жүзеге асуына аз ғана қалған. Алайда, соңғы сәтте жағдай күрт өзгерді.
"Ғалымжан Кенжебек "Краковияға” ауысуға шақ қалған еді, тараптар ортақ тіл табыса бастаған болатын. Бірақ қорытындысында ол Грозныйдың "Ахматын” таңдады. Оған Ресей клубынан қаржылық тұрғыдан өте тиімді келісімшарт ұсынылды.” — деп мәлімдеді инсайдер.
Таңдаудың себебі: Мансап па, әлде қаржы ма?
Кенжебектің бұл шешіміне "Ахмат” ұсынған жоғары жалақы мен жеке жеңілдіктер басты себеп болып тұр. Польша чемпионаты РПЛ-ден гөрі Еуропалық скауттардың назарына ілігу үшін жақсы орын болғанымен, Грозный клубы ұсынған шарттар ойыншы үшін тиімдірек көрінген сыңайлы.