Ғалымжан Кенжебектің трансфері талқыланды

Бүгін, 17:02

Қазақстандық футболшы мансабын шетелде жалғастыруға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ғалымжан Кенжебектің трансфері талқыланды

Қазақстандық "Елімай” футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі Асқар Оранхаев Грекияның "Олимпиакос" клубының спорттық директоры Кристиан Карамбемен кездесу өткізді. Бұл кездесудің басты тақырыбы – "Елімайдың” жұлдызы Ғалымжан Кенжебектің трансфері болды.

"Қайрат" пен "Олимпиакос” арасындағы Чемпиондар лигасының матчы қарсаңында өткен бұл кездесу Қазақстандық футболшылардың Еуропаға ауысу мүмкіндігін тағы да күн тәртібіне шығарып отыр.

Асқар Оранхаев пен Кристиан Карамбе (Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы, Чемпиондар Лигасының жеңімпазы) Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін ойыншы Ғалымжан Кенжебектің "Олимпиакосқа" ауысу мәселесін талқылаған.

Бұл келіссөздер, егер жүзеге асса, Кенжебек үшін ғана емес, бүкіл "Елімай” клубы мен Қазақстандық футбол үшін маңызды қадам болмақ. Жас ойыншының Еуропаның мықты клубтарының біріне ауысуы оның мансабының дамуына үлкен серпін берері сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×