Гана футбол ассоциациясы барлық бапкерлерді қызметінен босатты

05.01.2020, 22:14
Гана футбол ассоциациясы барлық бапкерлерді қызметінен босатты

Гана футбол ассоциациясы (GFA) барлық бапкерлерді қызметінен босатты деп хабарлайды өзінің ресми сайтында.

-"Гана футбол ассоциациясы барлық бапкерлерді қызметінен босатуды жөн деп тапты. Шешім әйелдер, ерлер және жастар құрамасына да қатысты. Ұйым барлық бапкерлер қосыны мен футболшыларға Гана футболын дамытуға атсалысқаны үшін рақмет айтады",- делінген ресми мәлімдемеде.

2019 жылы қазанда өз қызметіне кіріскен GFA президенті Курт Окраку өткен жылы жарыққа шыққан ұлттық құрамаларда сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректі фильмді көрген соң осы шешімді қабылдапты.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Гана ерлер құрамасын Квеси Аппиа баптаған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×