Гана құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастырады

26.08.2021, 17:36
Футболшы артқы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.
Гана құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастырады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, жартылай қорғаушы Иоахим Адукор "Ақтөбе" клубына ауысады.

27 жастағы Иоахим Адукор артқы жартылай қорғаушы және орталық қорғаушы ретінде ойнай алады. Ганалық футболшы "Ақтөбеге" келмес бұрын босниялық "Сараево" клубында доп тепті. Одан бөлек, португалиялық "Трофенсе", франциялық "Безье", грекиялық "ОФИ Крит" және венгриялық "Диошдьёр" сияқты командалардың намысын қорғаған.

Иоахим Адукор 2015 жылы Олимпиадалық Гана U23 құрамасында екі ойын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×