Гарет Бэйл 2022 жылы мансабын аяқтауы мүмкін

22.05.2021, 03:34
Футболшы соңғы маусымын мадридтік клубта өткізгісі келеді.
Гарет Бэйл 2022 жылы мансабын аяқтауы мүмкін

«Тоттенхэм» клубына жалға берілген «Реал Мадридтің» шабуылшысы Гарет Бэйл мансабын ертерек аяқтауды жоспарлауда, деп хабарлады AS.

Дереккөздің мәліметінше, футболшы өзінің командаластарымен болған әңгімесінде жазда корольдік клубқа оралып, 2022 жылға дейін есептелген келісім-шартты тәмамдап, содан кейін мансабын аяқтағысы келетінін айтқан. Ол кезде Бэйл 33 жаста болады.

Қазіргі уақытта Бэйл бар назарын Еуропа чемпионатында өнер көрсететін Уэльс құрамасына аударды. Гарет «Тоттенхэмге» ауысу нүсқасын бұрынғы формасын қайта қалыпқа келтіру мүмкіндігі ретінде қарастырғанын айта кеткен жөн.

Бэйл 2013 жылы 101 миллион еуроға «Тоттенхэмнен» «Реалға» ауысқан болатын. Уэльстік футболшы 2020 жылы ағылшын клубына қайта оралды. Осы маусымда шабуылшы Англия Премьер-лигасында 19 матч өткізді, 9 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×