«Реал Мадрид» шабуылшысы Гарет Бэйл Уэльстің бас бапкері Райан Гиггзке Мадрид командасынан кетуге ниеті жоқ екенін, ойын тәжірибесінің жоқтығы Еуропа чемпионатындағы ойынға кедергі келтірмейтінін айтты, деп хабарлайды Mirror.
Бэйл мен "Реал Мадридтің" бас бапкері Зинедин Зидан арасындағы қарым-қатынас өте нашар екені белгілі. Гарэт команданың соңғы жеті матчында бірде-бір рет ойнамаған.
Бұған дейін, "Реал" 17 ойыншыны, оның ішінде Бэйлді де сатуға дайын екендігі хабарланған болатын. Сонымен бірге Гареттің агенті Джонатан Барнетт өз клиентінің Мадрид клубынан кетуге ниеті жоқ екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жанкүйерлер Бэйлді "Реал Мадридтің" 2019/2020 маусымдағы ең нашар ойыншысы деп таныған болатын. Испания чемпионатының ағымдағы маусымында ол 16 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 2 голдық пас берді.
Біздің серіктес: FONBET