Мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Гарет Бэйл «Лос-Анджелес» клубына қосылады, деп хабарлайды The Athletic. Дереккөздің айтуынша, шабуылшы командамен бір жарым маусымға ұзарту мүмкіндігімен бір жылдық келісім-шартқа отырады.
Бэйлдің «Реалмен» келісім-шарты осы айда аяқталды. Сондықтан Гарет жаңа командасына еркін агент ретінде ауысады.
Еске салайық, жазғы трансферлік терезеде «Лос-Анджелес» «Ювентустың» бұрынғы футболшысы Джорджио Кьеллиниді де қатарға қосқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET