«Реал Мадрид» басшылығы шабуылшы Гарет Бэйлмен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуды қарастыруда. 30 жастағы Уэльстік ойыншы осы жазда Корольдік клубтсн кетуі мүмкін, деп хабарлайды ABC.
Зинедин Зидан Реал Мадридтің жаттықтырушысы лауазымына келгеннен кейін, Бэйл негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алды. Футболшы мен жаттықтырушы бірнеше жылдан бері нашар қарым-қатынаста. Осыған қарамастан, Гарет 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген келісімді аяқтауға дайын.
"Реал Мадрид" басшылығы Бэйлдің алаңға шыққанымен, ойынға мән бермейтініне наразы. Басшылық мұндай ойыншымен, тіпті тегін қоштасу керек деп санайды.
Бұрын "Реал" Бэйлды бірнеше рет сатуға тырысты, бірақ сата алмады. Негізгі себептердің бірі - футболшы жалақысының жоғары болуы.
Біздің серіктес: FONBET