Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны туралы ақпаратты жасырды, деп хабарлайды Daily Mail.
Дереккөздің айтуынша, маманның қазан айында тапсырған сынағы оң нәтиже берген. Осыдан кейін Саутгейт Солтүстік Йоркширдегі үйінде он күн бойы оқшауланды. Сонымен бірге, екі апта бұрын ол Англия құрамасының Ұлттар лигасындағы кездесулердің алдында баспасөзбен байланыс жасаған сәтте оның сынағы теріс нәтиже көрсеткен. Яғни Гарет тез арада сауығып шыққан. Жаттықтырушы бұл ауру туралы көпшілік алдында түсініктеме берген жоқ және инфекцияны жұұтырғаны туралы да айтқан жоқ.
Бүгін, 15 қарашада Англия құрамасы Ұлттар лигасында Бельгия құрамасымен кездеседі, ал үш күннен кейін Исландиямен ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET