Гари Невилл: «Манчестер Юнайтед» алдағы екі маусымда чемпион бола алмайды»

14.09.2020, 21:29
Невилл «Юнайтедтің» қашан чемпион болатынын айтты.
Гари Невилл: «Манчестер Юнайтед» алдағы екі маусымда чемпион бола алмайды»

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы футболшысы Гари Невилл "қызыл сойқандардың" алдағы жылдардағы чемпиондық үшін күресі туралы пікірімен бөлісті.

«Мен кепілдік бере алатын жалғыз нәрсе - «Манчестер Юнайтед» тағы да чемпион болады. Бұл осы маусымда да немесе келесі маусымда болмауы мүмкін. Бірақ чемпиондыққа жетіп жатса керемет болады. Күту неғұрлым ұзақ болса, жеңіске жеткен кездегі сезім соғұрлым керемет болады.

Мен "Юнайтедтің" жанкүйері ретінде сөйлемеймін және біз осы маусымда жеңіске жетуіміз керек деп айтпаймын. Ия, мен қалаймын, бірақ сіз әдетте жеңіске жететін уақыттың келгенін сезесіз. Қазір бұл сезім жоқ. Мүмкін «Юнайтед» чемпион болар, егер Гвардиола мен Клопп өз командаларынан кетсе. Бұл алдағы бірнеше жыл ішінде орын алады деп үміттенемін. Бұл керемет мүмкіндік болады, өйткені олар екеуі де керемет командалар құрған көрнекті жаттықтырушылар. Бірақ олар бір-екі жылдан кейін кетеді. Бұл «Юнайтедтің» қайтадан өзінің бұрынғы орнына көтерілетін сәті болады. Мен "Челси" клубы да дәл осылай ойлайтынына сенімдімін», - деді Невилл Mirror басылымына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×