Гари Невилл: «УЕФА тек түкке тұрғысыз тәртіптік санкциясын қолдана беретін ұйым. Сотта «Манчестер Сити» жеңеді деп есептеймін»

18.02.2020, 19:43
Гари Невилл: «УЕФА тек түкке тұрғысыз тәртіптік санкциясын қолдана беретін ұйым. Сотта «Манчестер Сити»  жеңеді деп есептеймін»

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қорғаушысы, қазір телеарнадағы футбол маманы Гари Невилл «Манчестер Ситидің» алдағы 2 маусым еуро бәсекеден шеттетілуіне байланысты пікірімен бөлісті деп хабарлайды Sky Sports.

-«Меніңше «Манчестер Сити» қаржылық fair play-мен байланысты мәселені өз пайдасына шешеді деп ойлаймын. Мен УЕФА бәрін дұрыс істегеніне күмәнім бар. Тіпті, мен бұл ұйымға мүлде сенбеймін. УЕФА тек түкке тұрғысыз тәртіптік санкциясын қолдана беретін ұйым. Бұл жерде «Манчестер Сити» сотта жеңіске жетеді деп есептеймін.

-УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңде «Реалдың» «Ман Ситиді» айналып өткенін барынша қалайтын болады. Сіз УЕФА Стамбулда кубокты «Манчестер Сити» ойыншысына беріп тұрғанын елестете аласыз ба? Егер солай болса Гвардиолаға қойылатын ең бірінші сұрақ: «Бұл жеңісті әділ деп есептейсіз бе?», я болмаса «Сіздер бұл бәсекеде жеңіске жетуге лайықтысыздар ма?» болары анық. Менің ойымша, УЕФА Ситиді дәл қазір еуро бәсекеден шығарып тастауы керек»,-дейді Невилл.

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА «Ман Ситиді» 2020-2021, 2021-2022 жылғы маусымдағы еуро бәсекелерден шеттеткен еді. Сонымен қоса, 30 миллион еуро өтемақы міндеттеген. 

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×