«Тоттенхэм Хотспур» клубының 28 жастағы шабуылшысы Гарри Кейн УЕФА Ұлттар лигасының екінші турында Германия қақпасына гол соғып, Англия құрамасында ерекше жетістікке қол жеткізді.
Кейннің ұлттық құрамада соққан голдар саны 50-ге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша ол аңызға айналған Бобби Чарльтонды басып озып, Англия құрамасының тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынға көтерілді. Бұл ретте Гарриге 50 гол соғу үшін 71 кездесу, ал Чарльтонға 49 гол үшін 106 матч қажет болды. Рекорд 119 матчта 53 гол соққан «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руниге тиесілі.
«Мен гол соғуды жақсы көремін, әсіресе ұлттық құрама үшін. Мен командаға көмектескен сайын кеудемді қуаныш кернейді, өйткені бұл ең маңызды нәрсе болып табылады.
Біз үшін ерік-жігер, мінез көрсетіп, қолайлы нәтижеге жету маңызды болды. Өте мықты командаға қарсы ойнадық. Бұл нәтиже команда ретінде қазір қай деңгейде екенімізді көрсетеді», - деді Кейн матчтан кейінгі сұхбатында.
Кейн өткен маусымда «Тоттенхэм» үшін 50 ойынға қатысып, 27 гол соқты, 10 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET