Гарри Кейн «Тоттенхэмде» қалатынын мәлімдеді

25.08.2021, 23:09
«Манчестер Ситиге» басқа шабуылшы іздеуге тура келеді.
Гарри Кейн «Тоттенхэмде» қалатынын мәлімдеді

Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн өзінің Instagram парақшасында "Тоттенхэмнен" кетпейтінін хабарлады.

"Жексенбі күні "Тоттенхэм" жанкүйерлерінің қолдауын көру және соңғы бірнеше аптада маған жазған кейбір хабарламаларды оқу керемет болды.

Мен осы жазда "Тоттенхэмнен" кетпеймін және 100% команданың табысқа жетуіне атсалысамын", - деді футболшы.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше апта бұрын "Манчестер Сити" Гарри Кейнді алу үшін "Тоттенхэмге" ұсыныс жасаған еді. Бірақ клуб президенті Даниэль Леви бұл ұсынысты қабылдамады. Ал жаттығуға кеш оралған шабуылшы клубтың маусым басындағы матчтарына қатыспаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×