«Романың» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян Армения құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
«Құрметті достар. Ұлттық құраманың жейдесін алғаш рет кигенім есімде - бұл Панамамен болған жолдастық кездесуде орын алды. Ал алғашқы голымды Эстонияға қарсы әлем чемпионатының іріктеу матчында соқтым. Қанша қиын болса да, мансабымның әр кезеңінде жеңіске жетуді қаладым.
Мен үшін соңғы 15 жылда елім үшін ойнау және соңғы 6 жылда оның капитаны болу үлкен мәртебе болды. 95 ойын мен қажырлы еңбектен соң, өз елімнің намысын қорғау барысында туындаған қиындық пен қуаныштан кейін Армения құрамасындағы халықаралық мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым.
Мен мұндай шешімге қараша айында Германияға қарсы өткен соңғы ойынымнан кейін келдім. Менің ойымша, бұл өте қолайлы уақыт болды. Өз елімнің негізгі командасы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым, сондықтан алдағы жылдары мен бар күшімді клубтағы ойыныма жұмсайтын боламын.
Менің футбол әліппесін Арменияда үйрендім және мені қолдаған, жаттықтырған, бірге ойнаған, футболшы және тұлға ретінде өсуіме үлес қосқан әрбір адамға әрқашан ризамын. Командама сәттілік тілеймін», — деп жазды Мхитарян өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Генрих Армения құрамасындағы дебютін 2007 жылы 14 қаңтарда (17 жасында) жасады. Содан бері 95 матчқа қатысып, 32 гол мен 25 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET