Генрих Шмидтгаль:Германияға қарсы ойнайтыныма қуаныштымын

01.08.2011, 06:27
Генрих Шмидтгаль:Германияға қарсы ойнайтыныма қуаныштымын
Генрих Шмидтгаль спорт.кз сайтына әлем чемпионаты-2014 квалификациялық турнирінің жеребе нәтижесі туралы өз пікірін білдірді. Біз аладоп.кз сайты сол мақаланың қазақша нұсқасын ұсынып отырмыз. -Мен Қазақстан ұлттық құрамасының тағы да Германияға қарсы ойнайтынына қуаныштымын. Біз евро-2012 іріктеу сынында немістермен сәтсіз өнер көрсеттік. Алайда, бундес-команда әлемнің үздік командаларының бірі. Біз ендігі турнирде Германияға қарсы бұрынғыдан әлдеқайда жақсы өнер көрсетеміз, және аталмыш турнирде оны дәлелдейміз. Ал, қалған командаларға келер болсақ әрқайсысынан да қанжығамыз бос қайтпасымызға мен сенемін. - Сіз Қазақстан ұлттық құрамасы сапында бірнеше ойын өткізіп үлгердіңіз, команда ойыны жайлы қандай ойдасыз? -Біздің команда қазіргі сәтте күшеюде. Біз соңғы ойында Әзірбайжан командасын ұттық. Бұл нәтиже командаластарыма сенімділік әкелері анық . Ал, Қалған 4 ойында сәтті өнер көрсетуге тырысамыз. -Сириямен өтер жолдастық кездесуге не себепті шақырылмадыңыз? - Мен Беранекпен өзім сойлестім және де маған жаңа клубымдағы әріптестеріммен үйренісіп алу тиімді болар деп шештім. Дегенмен алдағы ойындарға қатысамын. -Гройтер Фюрт клубының Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткеніңізге  көзқарасы қандай ? -Әлбетте, оң көзқараста.Әріптестерім кешегі  жеребеде Германиямен бірге түскеніміз үшін мені құттықтап жатты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×