28 жастағы жартылай қорғаушы Чемпиондар Лигасының алғашқы турына қатыспайтын болды.
Грузиялық ойыншы тобық жарақатын алыпты және жаттығуға тек 10 күннен кейін ғана қосыла алады.
Георги “Қайраттың” осы маусымдағы 3 еурокубоктік кездесуіне қатысып үлгерді. Футболшы “Слованға” қарсы ойыннан кейін жарақатына байланысты “Қайраттың” 5 матчын өткізіп алған болатын.
Айта кетейік, “Спортинг” - “Қайрат” командалары арасындағы Чемпиондар Лигасының 1-тур ойыны 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні сағат 00:00 басталады.