Георги Зария “Қайраттан” неге кетті? Футболшы мансабын тағы бір ҚПЛ-дік командада жалғастырмақ

09.01.2026, 19:25

Грузиялық жартылай қорғаушы Георги Зария "Қайраттан" кетуінің себебін түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Георги Зария “Қайраттан” неге кетті? Футболшы мансабын тағы бір ҚПЛ-дік командада жалғастырмақ

Зарияның айтуынша, ол Алматы ұжымымен бірге үлкен белестерді бағындырғанына дән риза. Клуб президенті футболшының қалғанын қалап, келіссөздер жүргізгенімен, бас бапкердің ұстанымы шешуші рөл атқарған.

"Мен "Қайратқа” алғыс айтамын, біз бірге тарих жасадық. Клуб президентімен сөйлестік, ол менің қалғанымды қалады, өзімнің де ниетім болған. Бірақ маусымның екінші бөлігінде ойын уақытым азайып кетті. Бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің тарапынан мені алып қалуға деген қатты құлшынысты байқамадым. Бапкермен ешқандай кикілжің жоқ, бірақ мен қосалқы құрамда отырғым келмейді.” — деді Георги Зария Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

"Ақтөбе" мен “Тобылдан" ұсыныс 

Оның Қазақстан чемпионатында қалу мүмкіндігі жоғары. Қазірдің өзінде оған еліміздің басқа клубтары тарапынан қызығушылық туындап отыр екен.

  • "Ақтөбе": Зария бұл клубпен келіссөздердің белсенді жүріп жатқанын растады.
  • "Тобыл": Қостанайлық ұжым да ойыншыны өз қатарынан көргісі келеді.

"Иә, бұл рас. Әсіресе "Ақтөбемен” тығыз байланыстамыз. Әзірге нақты ештеңе айта алмаймын, алдағы уақытта көре жатармыз.” – деп түйіндеді Заря сұхбатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×