Алматылық “Қайраттың” бұрынғы ойыншысы Георги Зария клуб академиясының тәрбиеленушілеріне жоғары баға беріп, қақпашы Темірлан Анарбековтің деңгейі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
“Қайрат” — таланттар ордасы
Зарияның айтуынша, Aлматылық клубтың құрамында болашақта жоғары деңгейде өнер көрсете алатын жастар өте көп. Ол ерекше көзге түсіп жүрген бірнеше есімді атады:
“Қайратта” таланттар өте көп. Маған, әсіресе, Рамазан Бағдат, Азамат Тұяқбаев және Исмаил Бекболаттың ойыны ұнайды.” — деді Грузиялық футболшы Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.
Анарбековтің орны — Еуропа
Георги Зария қақпашы Темірлан Анарбековтің әлеуетіне тоқталып, оның қазірдің өзінде Қазақстан чемпионаты деңгейінен асып түскенін меңзеді.
“Анарбеков туралы айтсақ, ол енді жас бала емес. Шындығына келсек, Темірлан қазірдің өзінде Еуропада өнер көрсетуі тиіс. Ол топ 5 лиганың бірінде ойнауға әбден лайық. Мен оның орнында болсам, еш ойланбастан Еуропалық клубқа ауысар едім.” — деп ағынан жарылды Зария.