Георгий Жуков: ол ойынды өзіміздің пайдамызға шешу үшін бізде қажетті сапа бар

23.03.2025, 17:30

Қазақстан құрамасы мен польшалық «Пуща» клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Лихтенштейнге қарсы кездесуге дайындық туралы айтты.

Георгий Жуков: ол ойынды өзіміздің пайдамызға шешу үшін бізде қажетті сапа бар
Георгий Жуков

«Егер біз топтағы жоғары орындарға таласамыз десек, келесі ойында ұпай алуымыз керек. Ол кездесу де қиын болады, сол үшін дұрыс қалыпқа келіп, Лихтенштейнге қарсы матчқа жақсылап тұрып дайындалу қажет. Ол ойынды өзіміздің пайдамызға шешу үшін бізде қажетті сапа бар, бұған көзім жетті. Біздің қапталдағы футболшылар мен шабуылдағы жігіттер жылдам. Солар қарсыласпен арадағы басымдықты жасап бере алады деп ойлаймын», - деді жартылай қорғаушы. 

Айта кетейік, кеше ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын. Енді Әли Ханәліұлының командасы 25-наурызда Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×