
Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Meta-ratings.kz-ке берген сұхбатында Уэльспен өткен матчтағы қазақстандық футболшылардың жанқиярлығы жайлы әңгімеледі.
«Біздің еңбегіміз – алаңды ықшам әрі жылдам айналдырып, допсыз көп жұмыс атқардық. Егер біз бұған немқұрайлы қарасақ, Уэльс екінші таймның басында бізді жеңуі мүмкін еді. Біз әр эпизод үшін күрестік. «Ойынның негізінде Уэльс анық фаворит болып көрінбеді»,- деді Г. Жуков.
Сондай-ақ, польшалық «Пуща» клубының футболшысы бапкерердің қолдауы жайлы да тілге тиек еткен:
- Алаңға шықпас бұрын Әли Ханәлиұлы маған сәттілік тіледі. Ойыннан кейін ол барлық командаға атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Енді келесі матчқа дайындаламыз».
Георгий Жуков ұлттық құрамада ойнаудың әрбір мүмкіндігін бағалайтыны туралы:
- Алаңға шығу мен үшін қазірдің өзінде үлкен қуаныш. Ұлттық құрама жейдесін киген әрбір минутты бағалаймын. Бұл керемет сезім. Әрине, біреу менің ойынымды оң бағаласа, жақсы, бірақ футбол - командалық спорт. Жақсы ойындар да, жаман ойындар да болады. Ең бастысы - алға ұмтылу".
Айта кетейік, кеше ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын. Енді Әли Ханәліұлының командасы 25-наурызда Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET