Георгий Жуков «Висламен» келісімшартын ұзартты

07.09.2020, 14:31
Жуков алдағы екі жылды Польшада өткізетін болады.
Георгий Жуков «Висламен» келісімшартын ұзартты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков "Висла" клубымен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Польша командасының ресми сайты.

Жаңа келісім 2022 жылдың 30 маусымына дейін әрекет етеді. Еске салайық, Жуков жыл басында Польшалық командаға қосылған еді.

Өткен маусымда ол 13 ойын өткізді. Ал осы маусымда үш матч өткізді: лигадағы екі матч, екеуі де алғашқы минуттардан, және тағы біреуі Польша кубогында, төртінші лигадағы "Островецтен" 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін команда жарыс жолынан шығып қалды.

25 жастағы жартылай қорғаушы 2020/21 Ұлттар лигасының Литва және Беларуссияға қарсы болатын матчтарында Қазақстан құрамасының резервтік тізімінде қалғанын айта кеткен жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×