Осы аптада Германияның 5 клубы еуро бәсекенің плей-офф кезеңінде жеңіске жетті. Чемпиондар лигасында «Боруссия» өз алаңында ПСЖ-ны, «РБ Лейпциг» түзде Лондонның «Тоттенхэмін» ұтса, Еуропа лигасында «Айнтрахт» «Зальцбургті» 4:1, «Байер» мен «Вольфсбург» 2:1-мен «Порту» мен «Мальмеден» басым түсті.
Opta порталының хабарлауынша, еуро доданың бір аптасында неміс ұжымдары 5 жеңіске сонау 1993 жылғы маусымда жеткен. Яғни, Бундеслига өкілдері араға 27 жыл салып бұл көрсеткішті қайталап отыр.
Айта кетейік, алдағы аптада Мюнхеннің «Бавариясы» Лондонда «Челсимен» ойнайды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET