«Дуйсбург» жартылай қорғаушысы Фабиан Шнельхардт Германияның үшінші дивизионында «Мюнстер» қақпасына маңызды гол соқты.
Кездесудің негізгі уақыты біткенде есеп 2:2 болып тұрған. Төреші қосқан қосымша уақытта доп Шнельхардттың аяғына келген, Фабиан ойланбастан 30 метрден жойқын соққы жасады. Оның голы командасына жеңіс сыйлады.
Чемпионаттың 22-турынан соң «Дуйсбург» 42 ұпаймен көш бастап тұр. Ал «Мюнстер» 24 ұпай жинап, 17-ші орында келеді.