Армениялық «Пюник» 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Геворг Наджарянмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Геворг Наджарян - «Шахтердің» түлегі. Ол 2016-2017 жылдар аралығында елордалық «Астана» сапында өнер көрсетті (4 матч). Ал қарағандылық клуб жейдесінде 113 матч өткізіп, 4 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды.
Айта кетейік, Наджарян Қазақстан жастар құрамасында 20 кездесуге қатысып, бір гол соққан және Қазақстан құрамасы сапында бір ойын өткізді.
Біздің серіктес: FONBET